060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Уақытты үнемдейтін тәсіл

Өткен аптада аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Дауларды келісім арқылы шешу мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық соттың ұйымдастыруымен кеңейтілген семинар өтті.

Оған кәсіби емес медиаторлар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Шарада алдымен сөз алған сот төрағасы Айтжан Досмағанбетова:

– Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Төрағасы Жақып Асановтың «Қандайма іс болмасын сотқа түскен істің қаралуы ұзаққа созылады. Яғни, іске нүкте қойылғанша, әдетте, бір емес, бірнеше сот отырысы өтеді. Қайта-қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырып қоюға тура келеді. Сондай-ақ, үлкен шығын. Үшіншіден, дау сіздің пайдаңызға шешілетініне еш кепілдік жоқ. Керісінше, екінші тарап – туысыңыз, досыңыз, қызметтесіңіз болса, екі арадағы қатынасқа, сыйластыққа, әріптестікке нұқсан келеді. Неге десеңіз, сот – дау алаңы» дегені бар еді. Бұл ретте, медиация – дауды сотқа дейін реттеп, уақытты үнемдеу үшін ең қолайлы тәсіл,– деген баға берсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов медиаторлар ұсақ дау-жанжалдарды дербес шешу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, қазіргі заманғы азаматтық қоғамды қалыптастыруда айтарлықтай қолдау көрсете алатындығына тоқталды. Шара барысында, қатысушылар тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Гүлмира Мақсотқызы.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?