060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етті

Өткен аптаның бейсенбісінде Миялы ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Халел аллеясында зұлмат заман құрбаны болған бабалардың құрметіне митинг ұйымдастырылып, аудан әкімі аппараты мен аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық мәслихат пен аудандық қоғамдық кеңесі, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы, Х.Досмұхамедұлы, Б.Аманшин атындағы орта мектептері және жастар ресурстық орталығы Халел ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Бұдан кейін сөз сөйлеген аудан әкімі Арман Баженов:

– Кешегі кеңестік кезеңде қазақ жерінде орын алған саяси қуғын-сүргін науқандарының зардабы мен шынайы бет-бейнесін ашу, жазықсыз құрбандыққа шалынған, қуғындалған қандастарымызды тарих алдында ақтап, есімдерін әйгілеу ісі әлі жалғасуда. Өйткені, қай ел, қай халық болмасын өз дамуы, өз болашағы жолында өткен кезеңді қапысыз тануы, барлық қырынан ақиқат күйінде білуі тиіс. Әпербақан билік қызылқоғалықтар Қазалы Тасжанов, Тілеген Әубәкіров, Аяпберген Науанұлы, Зейнолла Тілегенов, Тауман Қосшиев, Дәулетбай Омарұлы, Қайрош Омарұлы, Мырзағали және Жұмағали Дәулетбайұлы, Зәкария Сағындықұлы, тағы да басқа ардақты жерлестерімізді ел-жұрт игілігі жолындағы ізгі іс-қимыл, ниеттері үшін жала жауып, қуғын-сүргінге ұшыратты. Бұл тұрғыда елу-алпыс жыл бойы ақтаңдақтар ақиқаты ашылмады. Тек еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана осынау ақиық жандардың ізгі есімдері мен игілікті істері ел-жұртқа қайта оралды. Тәуелсіз Қазақстанның барша халқымен бірге Қызылқоға жұртшылығы да осынау абзал азаматтарын дәл бүгінгідей күні тебірене еске алып, тағзым етеді, – деді.

Одан соң, сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин елге танымал мемлекет қайраткерлерінің, көзі ашық азаматтардың репрессия құрбаны болып, жазықсыз жапа шеккенін тілге тиек етсе, ауыл өнерпазы Азамат Хабылов дендерлік бард ақын Т.Досымовтың «Қазақ едім дегенше» әнін орындап, Б.Аманшин атындағы орта мектептің оқушысы Аружан Қойшығали Е.Нүсіпбековтің «Ақпан соңы Астана» өлеңін тебірене оқыды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?