060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Туған жерді тану – туризмді дамыту»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазақ тарихының беттерінің жаңа қойнауын ашқандай.

Бүгінде аталмыш мақала жер-жерде қызу талқыланып, қолдау табуда. Соған сай, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен ішкі туризмді дамыту мақсатында аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп, «Туған жерді тану – туризмді дамыту» атты ауданның тарихи маңызы бар жерлерге туристік экскурсия ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қараша айында «Қызылқоға ауданы кәсіпкерлерінің форумы» өткізілді. Екі күндік форум ауданда кенже қалған туризм саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Форум қарсаңында «Ұлы даланың мұрасы» атты шеберлік сабағы өткізіліп, әр округтен келген қыз-келіншектер құрақ көрпе тігіп үйренді. Форум күні көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, қазақ халқының ұмыт болған әсіп, көмеш, жаужүрек, үлпершек сияқты ұлттық тағамдарын округтерден келген аспазшылар ұсынып, дайындау жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ, «Туған жерді тану – туризмді дамыту» атты дөңгелек үстел өткізіліп, оған аудан бойынша жол бойындағы сервистік қызмет көрсететін кәсіпкерлер қатысты.

Осы орайда, туризмді насихаттап, оның мәнісін жете түсіндіретін гид-экскурсоводтарды дайындау мақсатында 8-14 желтоқсан аралығында Атырау қаласында арнайы курс жүріп жатыр. Осы курсқа ауданнан жас маман Тоғжан Орынғалиқызы қатысып, өз білімін ұштауда.

Самаргүл НҰРМАҒАНБЕТОВА,

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?