060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Террористік қылмыстардың алдын алу керек

Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №876 қаулысымен бекітілген. Қаулыға сай, ауданы бойынша 53 ғимарат террористік тұрғыдан осал объектілері тізіміне енгізілген.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №1217 қаулысына сәйкес, Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорттары жасақталды.

Аталмыш объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі №191 қаулысында көрсетілген. Онда көрсетілгендей терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуде пайдаланылатын инженерлік-техникалық нығайтылу, кіруді, шығуды бақылау және хабардар ету жүйесі, телевизиялық бейне бақылау, сондай-ақ, жарықтандыру жүйесі бойынша құжаттарын жасақтауға міндетті.

Аталмыш санатқа жатқызылған объектілердің басшылары «Тероризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-3-бабының талаптарын орындамаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149 және 462-баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жыл басынан бері Террористік тұрғыдан осал объекті басшыларына өздерінің басқаруындағы ғимараттарының іс-құжаттары Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы қаулысында көрсетілген талапқа сай болмауына байланысты жеті ғимарат басшысына аудандық сотпен айыппұл салынды.

Сондай-ақ, аталған объектілер тізіміне енгізілген ғимараттарды аудандық полиция бөлімімен жыл сайын кемінде бір мәрте тексеру жұмыстары жүргізіледі. Террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары өз ғимараттарында террористік қылмыстардың және табиғи апаттардың алдын алу мақсатында оқу жаттығулар ұйымдастырып және түсінік жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

Шалқар НАУРЫЗҒАЛИЕВ,

аудандық полиция бөлімі криминальды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?