Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тасшағылға мәдениет үйі арман боп жүр

Жазғы демалыс басталысымен студент жастар ауылға келуге асығады.

Алайда, туған жерім деп алып-ұшып келген жастарға достарымен сағынышын басып бас қосатын орын да, бос уақытта пайдалы іспен айналысатын кәсіп те табу қиын. Мәселен, Тасшағыл ауылдық округінде кішігірім фастфуд кафесі немесе спорт кешені, ойын-сауық орталықтары, шаштараз, сұлулық салондарын ашуға ауыл жастарының белсенділігі аз ба, әйтеуір, мұндай нысанды таппаймыз. Ондай орындар ауылымыздан табылмағасын, жастар көлдің бойын жағалап даланы қоқысқа толтырады, одан қалса, жат әдеттерге бой үйретіп алуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, ауылда мәдени шара ұйымдастыратын мәдениет үйі де жоқ. Бұлда бір Тасшағыл ауылдық округіндегі шешімі табылмай тұрған мәселе. Тіпті, жастарды еңбекке баулитын «Жасыл ел» жобасы да ауылдық жерлерге бұйырмаған. Аудан орталығында жұмыс жасауы керек. Бұдан кейін жастар ауылдан зерігіп қалаға қашады, ауыл қызықтырмайды да. Жастар жылы, болашақ жастардың қолында - дейміз. Ал, сол жастар үшін ауылдарда қандай жағдайлар жасалынып жатыр? Халықтың әлеуетін көтеруге мемлекеттен бөлінетін қаражат біз туып-өскен Тасшағыл ауылына бөлінбей жүр ме, түсінбедім?

Амангүл КЕҢЕС,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

журналистика мамандығының ІІ курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521