Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Такси шақырып, жүлделі болды

Қазіргі заман талабына сай жолаушы тасымалының сапасын арттырып, тасымалдау қызметінің бағасын тұрақтандыру, көлеңкелі бизнестің алдын алу мақсатында жеке кәсіпкер Асылбек Мұратовтың «Жолаушы тасымалдау» орталығы жұмысын бастағанына бір айдан асты. Қазіргі уақытта халыққа сапалы қызмет көрсетіп, жұртшылық алғысына бөленіп жүр.

Осы орайда, бүгін орталықтың ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Онда сөз алған аудан әкімі Арман Баженов:

– Жеке кәсіпкердің тың бастамасына сәттілік тілеймін. Халыққа сапалы қызмет, қауіпсіздік, тұтынушы талабынан шыға білу қашанда маңызды. Осы мүддеден шыға біліп, баға тұрақтылығы, көлеңкелі бизнестің алдын алу мақсатындағы жұмыстарыңыз жемісті болсын, – деп құттықтау тілеген арнады.

Содан соң сөз сөйлеген жеке кәсіпкер Асылбек Мұратов:

– Жаңа істі қолға аларда қолдау көрсеткен аудан әкімшілігіне ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, такси жүргізушілеріне де рахметімді айтамын. Өйткені, жолаушы тасымалы тек бір ғана адамның жұмысы емес осы орталыққа шағырланған жүргізушілердің де еңбегі зор. Орталыққа түскен қоңырауларға күн-түн демей қызмет жасап жүр. Айта кетер жайт, орталық ашылған уақытта такси шақырушылар арасында халықты ынталандыру мақсатында акция ұйымдастырылған болатын. Бүгін осы акцияны қорытындылап ең көп такси шақырған тұтынушылар орталық атынан сыйлықтарға ие болады, – деді.

Акция нәтижесінде, жүзден астам шақырту түсірген Айдана Дайрабаева қысқа толқынды пешке ие болса, «Миялы-Сағыз» бағытында такси қызметін көп тұтынған миялылық Нұржан Макимов кілемді болды. Осы сияқты, тағы да көптеген жолушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Орталық жүргізушілері бұл күні халыққа тегін қызмет көрсетіп, алғысқа ие болды.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521