Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тәуелсіз сот Тәуелсіздіктің жемісі

Тәуелсіздік алған 27 жыл ішінде еліміздің сот билігі заман талабына сай үздіксіз жаңғыртылуда.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жұмысын бастаған сот жүйесі мен бүгінгі соттың жағдайы мүлде салыстыруға келмейді. Ең бастысы, азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру арқылы ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілді. Бұл ретте, Елбасы әділ сот төрелігінің халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырды. Осы орайда, іске қосылған жаңа ақпараттық сервистердің арқасында ел азаматтары үйлерінде немесе жұмыс орындарында отырып-ақ, сотқа жүгіне алатындай жағдай жасалды. Сонымен қатар, олар ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады. Қазіргі таңда сот жүйесіне «Төрелік» ақапарттық жүйесі іске қосылып, сот отырыстарының барлығы дыбыс-бейнежазбалар қолданылып қаралуда.

Бұл тұрғыда, сот саласына дендеп енген заманауи технологиялар жетістігі бүгінде халық игілігіне қызмет етіп, олардың сотқа деген сенімдерін нығайтуда. Біздің қазіргі жеткен жетістігімізге, осы уақытқа дейін қолға алынған реформалардың ықпалы зор. Әсіресе, 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Судьялар одағының съездері – сотқа қатысты мәселелерді лайықты шешудің, жаңа бастамалар ұсынудың, сот реформасын одан әрі дамытудың басты алаңына айналды деуге болады. Өйткені, осы съездерде көтерілген мәселелер негізінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңы және «Судья әдебі» кодекстері қабылданды. Бұл заңнамалар – сот жүйесін толықтай атқару органдарының ықпалынан босатты. Дәл бүгінгі күні «Тәуелсіз сот» деп сеніммен айтуымыздың да сыра осында.

Ия, тәуелсіздікпен бірге түлеген тәуелсіз сот саласының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері халықтың көз алдында. Сондықтан, тек заңға ғана бағынатын сот жүйесінің жетістіктерін тәуелсіздік тойы қарсаңында паш ету – сот саласының қызметкерлері үшін үлкен абырой.

Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – сот саласында ғана емес, ауылшаруашылығында, өндірісте, өнеркәсіпте, мейлі құрылыста жұмыс істеп жүрген кез келген Отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни, азаматтардың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ.

Базаргүл ӘБДУАЛИЕВА,

аудандық соттың бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521