060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Тұрмыс сапасы жақсармақ

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі сөйлеген сөздері маған ерекше жігер сыйлады. Соның ішінде көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту, әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы беру сынды үкіметке берген тапсырмалары мен сияқты аналарды қатты қуантып отыр.

Одан бөлек әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 40 мыңға жуық пәтер салу туралы бастама да өте құптарлық. Себебі, қазір көп отбасының басты уайымы баспана екені ақиқат. Демек, жағдайы төмен отбасылардың баспана мәселесі шешіліп, тұрмыс сапасы жақсарар күн алыс емес.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы әлеуметтік салаға бюждет шығынының 45 пайызы жұмсалатынын және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ұлттық қордан қаржы бөлетінін атап өтті. Бұған дейін көп балалы аналарға дәл бұлай ешкім көңіл бөлген жоқ. Қысқасы, съезде берілген әрбір тапсырма мен сияқты аналардың жетіспеушілігін толық қамтиды деген сенімдемін.

Арайлым БАҚТЫҒАЛИЕВА,

көп балалы ана,

Ойыл ауылдық округінің тұрғыны.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?