Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Түлектердің туған жерге тартуы

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деген болатын.

Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл – қуантарлық жайт. Әсіресе, мектеп бітіргендеріне 10, 20, 30,.. жыл болған азаматтардың бас қосуы - көптен кездеспеген құрбы-құрдастар балалық шаққа саяхат жасап қана қоймай, туған ауылына тарту жасауға бейілділігі жерлестерінің әлеуетін көтеруге зор ықпалы болып отыр. Осы тұста, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 30 жыл бұрынғы түлектері «Бәйтерек» мешітінің жанынан заман талабына сай етіп үлкен асхана салып берсе, 20 жылдық түлектер мешіт маңдайшасына электронды тақтайша орнатқан. Сол сияқты, Рамазан айында қайырымдылық жасаған түлектер кішкентай Кәусардың еміне 100 мың теңге аударған. Ал, жангелдиндік он жылдық түлектер мектеп жанынан футбол алаңын салып, туған ауылына тарту жасады. Бұл үлкен жұмыс, адал достықпен мызғымас серттің, жігіттік мәрттікттің сайып келгенде туған елдің жанашыр патриоты деген ұлы ұғымды қайта жаңғыртқандай.

2

Түлектер мұнымен де тоқтар емес, алдағы уақытта ауылдан спорт мектебі мен мешіт салу жоспарларында бар. Бірақ, бұл қаржыға келіп тірелетін шаруа. Десе де, бастамалары жаман емес. Сол секілді кеше ғана мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан бес жылдық түлектер ауылдың кіреберісіне белгі орнатқан. Жастардың бұл ісіне жұртшылық сүйсініп те, қызығып та қарап отыр. Ш.Еркінов атындағы орта мектептің 30 жылдық түлектері мектеп мұражайын толықтай жөндеуден өткізіп, жиырма жылдықтар қайырымдылық шарасын ұйымдастырып мүмкіндігі шектеулі сегіз балаға киім-кешек, екі отбасыға бір айлық азық түлік және аз қамтылған отыз отбасыны аудандық «Қызылқоға» газетіне жаздырды. Сондай-ақ, Тасшағыл орта мектебінің жиырма жыл бұрынғы түлектері де туған ауылдарына сый жасап, «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген ниетпен ауыл ішіне елу түп ағаш отырғызды. Ал, Қаракөл орта мектебінің 20 жылдық түлектері ауылдың кіреберісіне белгі орнатып, ауыл ішін жасыл желекке орап 82 түп тал екті. Бұл бастаманы Қарабау орта мектебін тамамдағанына жиырма жыл толған түлектер де әрі қарай жалғап өз ауылдарына белгі орнатты. Осылайша, түлектер тартуы ауылдастарының көңілін бір марқайтып, кейінгілерге үлгі боларлықтай іс жасап отыр. Өзінің туып өскен ауылына, білім алған мектебіне сый жасау әр бір перзенттің, әр бір шәкірттің борышы. Алдағы уақытта да бас қосатын түлектердің де ауылға жасар тартулары бар. Ауыл азаматтарының қайда жүрсе де, жүрегінің түбінде туған жерін әлдилеп жүруі - туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор, патриот екенін танытады. Туған жеріне келіп, тағзым етуі – әрбір перзенттің парызы. Ал осы жақсы істің дәстүрге айналғаны жүректерге қуаныш ұялатады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521