060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ұстаздар 72 дана «Қызылқоғаға» жазылды

Қазір қазан айында басталатын баспасөзге жазылу науқанының қызған шағы.

Жұртшылық республикалық, облыстық, аудандық және басқа да мерзімді басылымдардың ішінен өз қалағандарына жазылуда. Алайда, 65 жыл тарихы бар «Қызылқоға» газетінің аудан өмірінде ойып тұрып орын алар қажеттілігі бар екендігі даусыз. Газеттің қоғамдағы орнын теледидар да, радио да, интернет те толықтыра алмайды. Сондықтан, мектеп ұжымының барлығы дерлік аудандық газетке жазылды. Біздің мектеп 2019 жылға 60 дана «Қызылқоға» газетіне жазылу қажет болса, ұстаздар қауымы бұл көрсеткішті 72 данаға жеткізді. Өткен жылы да 65 дана аудандық газетке жазылған мұғалімдер баспасөз науқанына үлкен жауапкершілікпен ат салысқан болатын. Бұл ұстаздарымыздың ауданның тыныс-тіршілігінен, тұрғындардың мұң-мұқтаждарынан үнемі хабардар болып жүреді деген сөз.

Гүлшара ІЗІМОВА,

Тасшағыл орта мектебінің директоры.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?