060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Сот жүйесі цифрландырылды

Қазақстан сот жүйесі дамудың жаңа сатысына көтеріліп, бұрын соңды болмаған заманауи технологиямен толығуда.

Атап айтқанда, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды сотқа шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу», «СМС хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді қызметтер бүгінгі сот жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді.

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесіне ақпараттық технологияларды кеңінен қолданудың маңыздылығына тоқталған болатын. Сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20-қадамында еліміздің барлық сот процестеріне бейне және дыбыс жазу таспаларын қолдану міндеттеген еді. Сот процесін бастан аяқ бейне таспаға түсіріп, онда айтылған әрбір сөздің дыбыс жазбасына басылуы сот хатшыларының жұмысын жеңілдетіп қойған жоқ, жалпы сот отырысының ашық өтуіне, сотқа қатысушы тараптардың өзін дұрыс ұстауға септігін тигізді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асанов 2018 жылдың 26 қаңтарында өткізілген 2017 жылдың қорытынды жиналысында «сот төрелігінің 7 тасы» жобасын таныстырып, оның 7-ші тасы «Цифрландыру», яғни «компьютер секундтарда барлық сот практикасын, қолданатын заңдарды және қажетті ұсыныстарды береді. Тараптар сот отырысына келмей, жұмыс орындарында немесе шет елде отырыпта сот отырысына интернет жүйесі арқылы қатыса беруіне болатын мүмкіндіктер қарастырылады, қазір фантастика болып көрінгенімен, жақын арада ол жүзеге асады» деген болатын.

Міне, 1 жыл ішінде сот төрелігі толық цифрландырылды, халықтың қолжетімділігі, сот төрелігінің ашықтығы мен қағазбастылықтан азаюы халықтың сотқа сенім артуына мол мүкіндіктер туғызуда.

Рақымжан БАУЫРЖАНҰЛЫ,

Қызылқоға аудандық сотының аға сот приставы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?