Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Саябақтан сән кетті

Ауданымызда әртүрлі саябақтар бар. Әрине, олардың кейбіріне көп күтім жасалса, кейбірі көңілге кірбің ұялатады.

Айталық, Халел Досмұхамедов атындағы көшеде орналасқан Аққұл Сарбөпе атындағы саябақтың қазіргі жай-күйі қарын аштырарлықтай. Өйткені, ол саябаққа кірудің өзі жаяу жүргіншіге де, велосипед айдаушыға да қиындық тудырады. Себебі, жаяужолдың өрнек тастары мүжіліп, адамдарға ыңғайсыздық тудырса, жайқала өскен ағаштардың қураған шөптері бұл жолдарды жауып, тіптен көркін бұзып тұр. Сонымен қатар, саябақтағы «Отбасы аллеясының» өзінің де қызмет көрсету сапасы көңіл толықтырмайды. Ондағы су бұрқағының, шағын концерттік сахнаның, көлемі кең стадионның тек дардай атымен ғана ерекше. Бұндай саны бар да сапасы жоқ саябақтар арқылы біз ауданымызды қалай көркейте аламыз? Мысалы, «Отбасы аллеясының» су бұрқағын іске қосып, кешкілік уақытта жас отбасылар бүлдіршіндерімен жүрсе ғана біздің аудан үшін жақсы істер жасап жатқанымыз байқалады. Алайда, бұл жағдай керісінше болып отыр. Барлық іске қосылған, ашылған орындардың барлығының жұмысы қарқынды жүргенде ғана аудан көркейе түспек. Сол себепті де, өз ойымды аудандық газетке жолдап отырмын. Ендеше, саябақтың жаяужолдарын түзетіп, есігі жеңіл ашылып, іші таза әрі су бұрқағы іске қосылса нұр үстіне нұр болар еді.

Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ, студент.

Миялы ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521