Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сауаттылық артпай, жемқорлық жойылмайды

Бізге белгілі экономика саласындағы қылмыстылықтың көптеген себептерінің ішінде сыбайлас жемқорлық та бар.

Бұл дерттің жаппай жойылуын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше, жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады.

Атап айтқанда, ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа карсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адамдар жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, заңға қайшы әрекеттерге жол бермейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына байланысты әртүрлі болады. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді. Жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту маңызды. Оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз керек. Дамыған елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру барысында сыбайлас жемқорлықты рухани жағынан қабылдамауға мән беріледі. Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін азаматтардың құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Өйткені, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қалады. Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялануда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өткізілуде. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электрондық сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді.

2014 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Оған қоса, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Айгүл АЙТҚАЛИЕВА,

Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521