060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

"Сағыз" сөйлемей-ақ күлдіреді

Дүйім елді ауыздарына қаратқан әзілкештердің әр ойындарында асқан мән жатыр.

Бір команда өз облысындағы олқылықтарды шым-шым әзілмен жеткізсе, енді бірі мақтап әлек. Сондай-ақ, жайдармандағы басты дүние – әр команданың өзіндік стилі болуы және ол стильдің халықтың көңілінен шығуы.

Әлбетте, жайдарманның құрама командаларының, соның ішінде ауданымыздан шыққан командалардың әр аяқ алысы біздің назарымыздан тыс қалып жатқан жоқ. Айталық, өткен аптаның бейсенбісі күні «Арман» мәдениет үйінде «Сағыз» құрамасы көрерменге әзіл мен әсем әнді байланыстырып, көңілді кеш сыйлады. Осы орайда, «Сағыз» құрамасының продюссері Ернар Сакупов:

– Негізінен бұл өткізіп жатқанымыз есеп беру концертіне дайындық есебінде болып отыр. Жалпы «Сағыз» құрамасының есеп беру концертін көктем мезгіліне қарай жоспарлап отырмыз. Ал, біздің қазіргі ауылдарды аралаудағы басты мақсат – шалғай елді мекендер, ауылдар мен аудандарды аралап өз өнеріміз арқылы көрерменмен жақсы байланыс орнату. Біздер Атырау облысының Мақат, Махамбет аудандарын және өз ауданымызды араладық. Барлық ауылдарда қарапайым халықтың қошеметіне бөлендік. Осы тұста, айта кетерлігі, Қызылқоға ауданы бойынша Көздіғара, Қаракөл ауылдарында концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтіп, көрермендер белсенді әрі көтеріңкі болды. Жайдармандағы командалардың чемпион болу басты арманы болып саналады. Біз қазіргі таңда Көңілді тапқырлар алаңында (КТА) чемпион болуды көздеп отырмыз, – деді.

Иә, шындығында жайдарманның көрермені қазіргі таңда қалыптасып үлгерді. Әр команданың өткір әзілдерін жастар жатқа айтып немесе өз араларында қолданып та жүр. Жайдарманға жеңіл әрі сұйық ойын ретінде қарамауымыз керек. Себебі, жайдарман арқылы кейбір облыстың мәселелері шешімін тапса, кейбір істерге түрткі болып жатқан жайы бар. Ендеше, осындай ауданымыздан шыққан белгілі жайдарманшылардың еңбектеріне табыс тілей отырып, әзілдеріңіз салмақты бола түссін демекпіз.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?