060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды

Өткен аптаның сейсенбісі күні аудандық орталық кітапханадан мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруда ауданда арнайы жобалар белгілеп, іс-шаралар ұйымдастыруға бағыт-бағдар беру мақсатында кіші жобалық кеңсе ашылды.

Оған аудан әкімі Арман Баженов, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Онда кеңсе жұмысымен және арнайы жобалармен таныстырған кітапхана қызметкері Әйгерім Татишова:

– Бағдарлама «Ақпарат толқыны», «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім» секілді төрт бөлімнен тұрады. Сонымен қатар, алты арнайы жоба «100 жаңа есім», «Туған жер», «100 жаңа оқулық», «Латын әріптеріне көшу», «Жаһандық әлемдегі Қазақстан» және «Сакралды география» негізінде жұмыс жасаймыз. Қазіргі таңда «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясындағы үш жоба облыста мақұлданып, жүзеге асыруға жұмыстанудамыз, –  деді.

Жаңадан ашылған кеңсе жұмысымен танысқан аудан әкімі Арман Баженов:

– Аталмыш мақалада «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және «Сананың ашықтығы» идеялары аясында білікті де білімді, әлемдік бәсекелестікке сай жаңашыл мамандар дайындау үрдісіндегі сананың іс-әрекеттен озық жүру қажеттігін айқын көрсетеді. Яғни, ұлттық салт-дәстүрімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді сақтау және кеңінен тарату туралы базалық түсінікті дамытуға бағытталған іс-шаралар қарастырылған. Ол арқылы әрине ұлттық рухты қалыптастыру көзделген. Рухани жаңғыруға бағытталған жұмыстардың бір парасы «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған ауқымды жоба «Қазақстанның киелі жерлері географиясы». Бұл жоба аясында аудандағы тарихқа толы, зерттелмей жатқан жерлерге көңіл бөліп, кейінгі буынға табыс ету біздің басты парызымыз, – деді. 

Бұдан кейін шараға қатысушылар кітапхананың электронды кітаптар жүйесімен, оқу залында болып кітапхана жұмысымен, жаңа бағдарламалармен егжей-тегжейлі танысты.

Гүлмира МАҚСОТ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?