Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өрт сөндірушілер жүлделі оралды

Облыстық «Үздік газ-түтінінен қорғау қызметінің буындарын» анықтау жарысына ауданымыздағы №10 өрт сөндіру бөлімінің білікті газ-түтінінен қорғаушылары С.Жагоров, А.Қадыров, С.Жарылғасынұлы, С.Талаповтар қатысып, жүлделі ІІІ-ші орынды иеленіп, арнайы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Үш кезеңнен тұратын жарыстың мақсаты тыныс алуға жарамсыз орта аймағында өрт сөндіру және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үнемі жоғары жауынгерлік дайындықта болуын арттыруды көздеді.

Талапкерлер тест сұрақтарына жауап беріп, тыныс алуға жарамсыз орта аймағына пайдалануға арналған аппаратпен, соңғы озық үлгідегі жылу түтін камерасынан қиындатылған кедергілердің арасынан өту және тиісті нормативтерді уақытылы орындау тапсырмаларын сәтті орындап шықты.

Талғат ОРАҚОВ,

аудандық №10 Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521