060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Әрбір отбасының мәселесі жеке қарастырылуы керек: Гүлшара Әбдіқалықова Атырау облысының тұрғындарымен кездесуі барысында Атырауда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік комиссияның жұмыс сапары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік делегацияның кездесуі екі жарым сағатқа созылды.

Құрманғазы мәдениет үйінде комиссия мүшелерімен кездесуге Атырау облысының шамамен бес жүзге жуық тұрғыны қатысты. Қатысушылардың көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері болды. Жиі қойылған сұрақтар – АӘК алу, жер және тұрғын үй бөлу.

Вице-премьердің айтуынша, әрбір отбасының мәселелері жеке қарастырылуы тиіс. -Біз барлық мәселелерді бір сәтте шешуге болады деп айта алмаймыз, уақытты талап етеді, шешімдер іздеу үстіндеміз. Әлеуметтік саладағы жаңа реформалар осы мәселелерді шешуге бағытталған. Менің ойымша, жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін рет-ретімен әрекет ету керек , - деді журналистердің сауалдарына жауап берген Гүлшара Әбдіқалықова.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?