Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Отбасылар «Толағайда» сайысты

Отбасы күніне орай, Ғ.Сланов атындағы орта мектебінде «Толағай» отбасылық сайысы өтті.

Сайысқа спортты жанына серік еткен ауыл тұрғындары қатысып, бақ сынады. Отбасылар алдымен өздерін таныстырып, содан соң «Мықты кенгру», «Кім жылдам», «Фудбаскет», «Пингвин», «Арқан тартыс» бөлімдерінде бақ сынасты. Нәтижесінде, шапшаңдық пен мықтылығын көрсеткен Ізбасаровтар отбасы І орынды иеленсе, ІІ орынды Каримовтар отбасы, ІІІ орынды Ондағановтар отбасы алды. Жеңімпаз командалар Тайсойған ауылдық округі әкімшілігі атынан арнайы дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521