060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ойыл тасыса ойлануға уақыт болмайды

Жақында көктемгі су тасқынының алдын алу дайындығын пысықтау мақсатында «Көктем-2018» оқу-жаттығу өтті.

 

Онда алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев:

– Оқу-жаттығу көктемгі су тасқынына дайындықтың тиімділігін арттырады. Яғни, жоспарлы түрде өтіп отырғандығының себебі де осы. Бірақ, бұл жоспарлы жұмыс деп немқұрайлы қарауға да болмайды. Мән-маңызын түсінген жөн. Өйткені, апат айтып келмейді. Сол себепті, барлық жағдайға сақадай-сай дайын болуымыз керек, – деді.

Содан соң ол жедел әрекет ету қызметтердің дайындығымен танысып, құрылым жеке құрамының жасақтануына, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуіне назарын аударып, кез келген жағдайда дайын болуы керектігін ескертті. Осы тұста, оқу-жаттығуға келген еріктілер тобының еш құрал-саймансыз келгендігін аңғардық. Бұл олардың жұмысқа деген салғырттығы мен жауапсыздығын байқатты.

Бұдан әрі оқу-жаттығу Миялы ауылының солтүстік бетіндегі бөгеттерді қалпына келтіру мақсатында тәжірибе жүзінде жалғасты. Оған 10 техника мен 35 адам жұмылдырылып, олар қаптарға құм толтырып, тасқын суға бөгет жасады. Сондай-ақ, байланыс жүйесінің дайындығы тексеріліп, төтенше жағдай және эвакуациялық шараларды жою кезіндегі іс-әрекеттер нақтыланды.

Гүлмира МАҚСОТ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?