060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Наурыз көжеден дәм татты

Қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз мейрамын аудандық сотының ұжымы сот зейнеткерлерімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірге тойлады. Қызылқоға аудандық сотының ұжымы, Қазақстан Республикасы сот жүйесінің беделін көтеретін имидждік шараларды ұйымдастыру және судьялар мен сот кеңселері қызметкерлерінің адамгершілік-рухани қасиеттерін жетілдіру мақсатындағы іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.

Соның ішінде, Ұлыстың Ұлы күні Нау-рыз мейрамын жылма-жыл ерекше тойлау дәстүрге айналған. Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше күн. Ол көктемгі күн мен түннің теңелгенінен бастап кіреді.

Аудандық сот қызметкерлері ұйымдастырған ұлттық мерекеге аудандық соттың ардагерлері Несібелі Әтенова, Закария Тасқалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин және «Қайырымдылық» қоғамдық қорының төрағасы Мысырғали Берденов қатысты. Мерекелік кездесу бағдарламасына сай, сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова қонақтарды қабылдап, оларға сот ұжымы атынан естелік сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ, кездесуде сот төрағасы шараға қатысушыларға Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы идеяларға кеңінен тоқталды. Аталмыш тақырыптарға орай қонақтар да өз ой-пікірлерін білдіріп, зор мәні бар шара ұйымдастырып отырған сот ұжымына алғыс айтып, жалпы сот саласында орын алып жатқан тың бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

Кездесудің екінші бөлімінде, қонақтар сот ұжымының әзірлеген наурыз көжесінен дәм татып, одан кейін үлкен ас дастарқанында қонақтарға табақ тартылып, қазақи салт-дәстүріміз бойынша тиісті жоралғылар жасалды. Дастарқан басында олар игі тілектерімен бөлісіп, баталарын берді. Ал, сот қызметкерлері қонақтарға ән шашуларын арнап, естелік фотосуретке түсті.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?