Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нұржанат – «Көктем ханшайымы»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, «Арман» мәдениет» үйінде «Көктем ханшайымы -2019» аудандық арулар байқауы өтті. Оған Жангелдин, Ойыл, Тасшағыл, Жамбыл, Тайсойған, Мұқыр, Сағыз, Миялы ауылдық округтерінен үміткерлер қатысып, бақтарын сынады.

Алдымен арулар әсем әуен ырғағында өздерін таныстырса, «Жұлдызды сәт» бөлімінде аудан өнерпаздарымен бірге бірі домбырамен күй тартып, екіншілері монолог оқыды. Ал, енді бірі мың бұрала би билеп, тамылжыта ән шырқады. Сол сияқты, «Білгенге-маржан» бөлімінде интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынаса, «Сымбаттылық сыры – сән» кезеңінде ұлттық киімдерді өз қиялдарымен түрліше етіп дайындап әкелді.

Нәтижесінде, миялылық Нұржанат Нұрболат «Көктем ханшайымы» атанса, мұқырлық Гүлайкөркем Ибрахимқызы «Көрермен көзайымы», тайсойғандық Назира Асқарқызы «Өнерлі ару», жамбылдық Айтөре Нығымет «Бұрымды ару», сағыздық Ақорал Тегісбай «Қылықты ару», тасшағылдық Аружан Сембай «Ибалы ару», ойылдық Ұлжан Қаламғали «Зерделі ару», жангелдиндік Нәзира Жәрдемғали «Көркем ару» атақтарымен марапатталды.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521