Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мешітке көмек қолын созды  

«Жақсылық жан жадыратады» демекші әрбір игі істің басы-қасында жүретін ел азаматтары бүгінгі жастарға үлгі болары сөзсіз.

Соның ішінде, жеке кәсіпкер Мұрат Сарманов сөз болғанда, туған жердің дамуы жолында аянбай тер төгіп, үздіксіз іс үстінде жүреді. Сонымен қатар, ол азаматтың есімімен қатар, қайырымдылық жасау, жақсылыққа ұмтылу сынды әрекеттер қатар айтылады. Оған дәлел, тағы игі істің бастамашы болып, аудан орталығындағы «Бәйтерек» мешітінің алдына көлік тұрағының орнын тегістеп, құм толтыру жұмыстарын жүргізуде. Осы тұста, «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов: - Мешіт жоғары төбеде орналасқандықтан, машиналар тұратын орын төмен. Сол себепті де, жеке кәсіпкер Мұрат Сармановқа өз ойымыздағы ұсынысымызды айтып қолқа салғанбыз. Ол бұл ұсынысты құп алып, бүгінде жалпы аумағы 600 квадрат болатын мешіт алдындағы жерге құм төгіп, тегістеп жатыр. Ендеше, өтінішімізді жерге тастамаған осынау азаматқа алғысымыз зор», - деді. Иә, қандай іс жасаса да елдің игілігіне деп білек сыбана кірісетін азаматтардың барына разы болмасқа болмайды. Сондай-ақ, осындай жақсы істерде жастарда қолға алып, бастап жүрсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521