Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік қызметшілер сынға түсті

Жақында «Арман» мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық байқау өтті.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамытып, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау мақсатында ұйымдастырылған шараға Миялы, Ойыл ауылдық округтерінен командалар қатысты. Ал, қалған ауылдық округтер немқұрайлылық танытып, ұйымдастырылған шарада төбе көрсетпеді. Байқау шарты бойынша командалар алдымен өздерін таныстырып, жұмыс барысында кездесетін оқиғалар мен түрлі ситуациядан жол таба білу шеберліктерімен сыналды.

41

4

Содан соң командалар «Мәңгілік Ел–Мәртебелі» атты тақырыбында музыкалық және театрландырылған қойылым көрсетіп, үш тілге аударма жасаумен қатар шешендік сөздердің мән-мағынасын түсіндірді.

Алты кезең бойынша сынға түскен Ойыл, Миялы ауылдық округтерінің мамандары байқауда әр қырынан танылды. Бірі тыңдарманға зілсіз әзілімен кең таралған «Опмай-опмай» әнінің желісімен өздерінің қазіргі таңда смартфон ұстамай, әлеуметтік желіге кірмейтіндіктерін сөз етсе, енді бірі атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасындағы мәселені көтере отырып, заңдылықтарын түсіндірді.

Әр кезеңнің шартына сай командалар байқауға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды.

2

Байқау қорытындысында Миялы ауылдық округі бірінші орынды жеңіп алса, Ойыл ауылдық округі екінші орынға ие болып, командаларға аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімнің атынан арнайы диплом мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521