060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Медициналық тексерістен өтті

Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі жолында аянбай қызмет етіп, халықпен тығыз жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің денінің саулығы мен салауатты өмір салтын сақтауы қашанда аса маңызды.

Соған сай, өткен аптада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы департаментінің бастамасымен аудандағы мемлекеттік қызметшілерге арналған «Денсаулық» акциясы өтті Акцияның мақсаты – барлық мемлекеттік қызметшілерді медициналық тексеруден өткізіп, оларды салауатты өмір салтын сақтауға шақыру.

Акция барысында аудан әкімі Арман Баженов бастаған мемлекеттік қызметшілер аудандық орталық аурухана мен ауылдық округтердегі отбасылық дәрігерлік емханаларда өздерінің қан қысымын біліп, бой мен салмағын өлшеп, кордиологиялық және басқа да медициналық тексерістен өтті. Осы орайда, тексеруден аудан бойынша барлығы 80 мемлекеттік қызметші өткенін айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?