060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Медиаторлардың жұмысы жүйелі

«Медиация туралы» Заң қабылданып, қолданысқа енгізілген кезден бастап Қызылқоға аудандық сотымен медиация жұмысы үнемі насихатталып, ол бойынша әр түрлі шаралар өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, газет бетінде мақалалар жарияланып, тіпті аудандық соттың судьялары мен сот мамандары ауданға қарасты Жангелдин, Ойыл, Көздіқара, Сағыз ауылдық округтеріне барып, халықпен кездесулер ұйымдастырды.

Бұған қоса, әр тоқсан сайын аудандық соттың ұйымдастыруымен аудандағы кәсіби емес медиаторлардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, жергілікті атқарушы органның осы жұмысқа жауапты өкілдерінің қатысуымен медиацияның тиімділігін түсіндіруге арналған дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар өткізіліп, өз жұмыстарын кәсіби емес негізде жүзеге асырып келе жатқан медиаторларға заң тұрғысынан кеңестер, түсіндірмелер беріліп, атқарылған жұмыстар нәтижесі шынайы әрі ашық түрде қорытындыланып келді.

Осы жұмыстарды ұйымдастырып өткізуде Қызылқоға ауданы әкімдігі аппаратымен зор ықпал жасалып, медиацияны насихаттауға үлкен қолдау көрсетілді. Өйткені, аудандық соттың жұмыс жоспарымен бекітілген осындай шараларды өткізуге шалғайда орналасқан әр ауылдық округтерден медиаторлардың, жауапты мамандарының арнайы аудан орталығына келіп шараға қатысулары біз үшін аса маңызды еді.

Қазіргі таңда, халық медиаторға жүгінудің тиімділігін түсіне бастады. Өйткені, аудандық сотпен өткен жылдың он екі айында медиация рәсімін қолдануға заңмен рұқсат етілген (ҚР ӘҚБтК-нің 73,73-1,73-2 баптары) баптар бойынша барлығы – 55 әкімшілік іс қаралса, оның 46 әкімшілік ісі бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылармен кәсіби емес медиаторлардың көмегімен татуласуларына байланысты, әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік істер медиация тәртібімен тоқтатылған.

Сондай-ақ, азаматтық істердің 22-сіне татуласу рәсімдері қолданылса, қылмыстық істердің 11-і медиация тәртібінде тоқтатылып отыр. Бұл атқарылған жұмыстар аудандық соттың кәсіби емес медиаторлармен бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі екенін атап өткен жөн.

Осы тұста, әр округтен сайланған кәсіби емес медиаторлардың өз ауылында туындаған дау-жанжалды сыртқа шығармай, сол жерде шешіп, екі жақты татуластырып, дауды сотқа жеткізбей келісімге келтіруде, ауданға қарасты 10 ауылдық округтен ашылған медиация кабинеттерінің тұрақты жұмыс жасап тұруын қажет етеді.

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының 16-бабының талаптарына сай, уәкілетті органға егер тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы медиаторлардың өтініші ұсынылмаса, медиаторлар күнтізбелік жыл аяқталған соң кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінен шығарылатыны, ал тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы өтінішті уәкілетті органға ұсынуға болатыны көрсетілген.

Осыған сай, өткен жылы желтоқсан айында аудандық сотта, ауылдық округтердегі кәсіби емес медиаторлардың, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел де өткен жылы тізілімге енгізілген ауылдық округтердегі 22 кәсіби емес медиаторлар биылғы жылы да өздерінің игі жұмыстарын жалғастыруға ынталы екендерін білдіріп, бір медиатордан басқасының барлығы кәсіби емес медиаторлар тізіліміне енгізілді. Ел арасында дау-жанжалдың жолын кесіп, бейбіт жолмен шешілуіне ықпалын тигізіп отырған жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесе отырып, медиацияны насихаттау жұмыстары одан әрі жалғаса бермек.

Базаргүл ӘБДУАЛИЕВА,

аудандық соттың бас маманы.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?