Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұқыр ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды.

Ауылдың округтің әкімі болып Есқалиев Мереке Василийұлы болды. Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Есқалиев Мереке Василийұлы 1987 жылы 9 мамырда Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, заңтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Ақ Жайық-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы болып бастаған. Кейін «Гаухар тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы, «Гате Иншат Таахют Санайи» акционерлік қоғамының Қазақстан филиалында бригадир, «МСС Құрылыс-Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмысшы, «Сепам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде электрик, «Express Global Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде электрик, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында заңгер, 2016 жылдың мамыр айынан күні бүгінге дейін Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарған. Отбасылы.

Хорлан Смадияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521