060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Мәрияның «Тәтті әлемі»

Жыл санап көркейіп келе жатқан Мұқыр ауылында тағы бір нысан іске қосылып, тұрғындарды зор қуанышқа бөледі. Жақында, жеке кәсіпкер Мәриям Мысағалиева ешбір несиесіз-ақ, өз еңбегі мен ата-анасының қолдауының арқасында «Тәтті әлем» атты аралас дүкенін ашып, оның салтанатты түрде лента қию рәсімін жасады.

Нысанның ашылу салтанатына жиналған тұрғындар алдында алдымен Мұқыр ауылдық округінің әкімі Аман Жанұзақов пен бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ақниет Сақиев құттықтау сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, нысан иесі Мәриям Мысағалиеваның әкесі Аманжол Мысағалиев қыздарына тарту етіп отырған аталмыш дүкеннің алдағы уақытта халықтың игілігіне жұмыс жасайтындығын айтып, жиналған жұртты бір қуантты.

Осылайша рәсім орындалысымен, жиналғандар дүкен иесін құттықтау үшін ішке еніп, тәттілерден шашу шашты. Ал дүкен сөрелерінде тұрған торттың 5-6 түрі мен бөлкенің 4 түрі және самса өнімдеріне бірден көз тіккен тұрғындар көп күтпей-ақ, сауда жасауға кірісіп кетті. Дүкен иесі Мәриям Мысағалиеваның айтуынша, көмекшісі Айымгүл Табынбаева екеуі алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау арқылы, тұрғындарға тұтынатын тәттілерді күнделікті дайындап отырмақшы. Әрі сол арқылы өз тұтынушыларын көптеп жинап, олардың ризашылығына бөленіп, ел үшін қалтқысыз қызмет етпекші.

Лаура НАРИМАНОВА.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?