Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұнайшылар қолдау білдірді

Өткен аптаның жұмасы күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау бағытында аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобы «ҚайнарМұнайГаз» өндірістік мекемесі қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Оған аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, аудандық мәслихат депутаты Сафура Сәрсенғалиева, Мұқыр ауылдық округінің әкімі Аман Жанұзақовтар қатысты. Жиында Жолдауда жүктелген міндеттер айтылды. Соның ішінде, Елбасы ұсынған 6 бағыт, экономикалық негіз қалыптастыра отырып Қазақстанның әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздейді. Сондай-ақ, жиында мемлекеттің экономикасын алға сүйрейтін индустрияландыру, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, туризм, агроөнеркәсіп сынды салаларды дамыту еліміз үшін маңызы зор екендігі айтылды.

Сонымен қатар, 2019 жыл «Жастар жылы» болып белгіленсе, «Ауыл - Ел бесігі» жобасының басталып, 2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің электронды форматқа ауысуы, үш ауысымды мектептер мәселесін шешуді және «Педагог мәртебесі» туралы Заң және барлық мәселелер туралы егжей-тегжейлі талқыланды. Мұнайшылар Елбасы Жолдауын қызу қолдайтындықтарын, оған еңбектегі табыстары мен жауап беретіндіктерін айтты.

Әділет ДОСБОСЫНОВ,

«Қайнармұнайгаз» өндірістік басқармасы кәсіподақ комитетінің есепшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521