060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ұлық мейрам ұлттық деңгейде тойланбақ

Исі мұсылман қауымының асығып, сағына күтетін мерекелерінің бірі –Құрбан айт. Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді.

Яғни, жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу деген мағына. Бұл мереке биыл еліміз бойынша 21-23 тамыз аралығында аталып өтіледі. Ал, 21 тамыз құрбан айттың алғашқы күні. Бұл күні аудан бойынша Миялы, Сағыз, Мұқыр ауылдарындағы мешіттерде таңғы сағат жетіден бастап уағыз айтылады. Ал, айт намазы жергілікті уақыт бойынша 7:30-да оқылады. Айт намазынан соң барлық жерде құрбан шалу рәсімі басталады. Сол күннен бастап үш күн бойы құрбан шалуға болады. Айт күндері біздің «Бәйтерек» мешітінде де түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Құрбан малдары шалынғаннан соң мешіт ауласындағы киіз үйде айттық шай беріледі. Мереке содан кейін асық ату, арқан тартыс сияқты спорттық шаралармен жалғасады.

Енді құрбан шалудың шариғаттағы үкіміне аз-кем тоқталып өтейік. Жалпы, құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Құрбан шалушы адам – мұсылман болуы, балиғат жасына толуы, сапарда болмауы және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы тиіс. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Ал, үйрек, қаз, тауық, түйетауық, елік секілді аң-құстар құрбандыққа жарамсыз. Құрбан малды сойғанда пышақ өткір болуы тиіс. Малды қинамай тез әрі жұмсақ бауыздаған абзал. Содан соң, сойылған малдың етінің бір бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын мұқтаж отбасыларға таратқан абзал. Бір қуанарлығы соңғы жылдары құрбан айт мерекесіне мемлекет тарапынан да, халық тарапынан да ерекше қолдау білдірілуде. Мемлекетіміз бұл құрбан айтты мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізуінің өзі де үлкен құрметтің белгісі. Ендеше, барша аудан халқы болып ұлық мерекені ұмытылмастай етіп тойлап, ауызбірлігімізді көрсетейік. Құрбан шалуға деген ниеттеріңіз қабыл болсын!

Мұрат СҰЛТАНОВ,

«Бәйтерек» мешітінің бас имамы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?