060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ұлттық рухтың жаршысы

Еліміз егемендік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусым күні еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің нышаны. Сондықтан оларға биік мәртебе берілген және Қазақстан азаматтарына мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді міндет етеді. Мемлекеттік рәміздер халқымыз үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» деген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанның Тәуелсіздігін дүниежүзі елдері мойындады. Талай әлемдік спорттық жарыстарда Мемлекеттік Туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.

Бұл біз үшін қуанышты жағдай еді әрі еліміздің рухын асқақтатын, келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін, азаматтардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін оятатын құбылыс. Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруда, ел тәуелсіздігін нығайтуда мемлекеттік рәміздердің алар орны ерекше. Қысқасы, Отан мен мемлекеттік рәміздер – егіз ұғым. Осы екі егіз ұғым әр азаматтың жадында жүрер болса, онда олардың рухы да асқақ болмақ. Мемлекеттік рәміздердің әрқай-сысының шығу тарихы бар, өзіндік мағынаға ие. Мәселен, Мемлекеттік Туымыз тік бұрышты, көгілдір түсті. Оның көгілдір түсі біздің байтақ еліміздің аспаны ашық және бейбітшілік пен тыныштық орнаған мемлекет екенімізді білдіреді. Тудың ортасында барлық әлемге сәулесін шашып, нұрын төгетін күн және қазағымның қасиетті жеті қазынасының бірі болып табылатын қыран құс бейнеленген. Күннің жылуы жер бетіндегі тіршіліктің барлығына ортақ. Яғни біздің көп ұлтты мемлекетіміз сияқты, ешкімді бөлектемей барлық ұлттардың басын бір ортаға біріктірген. Қыранның Тудың ортасында орын алуы – біздің мемлекетіміздің қыран құс сияқты әрқашанда биікте болсын деген ақ тілегінің белгісі. Ту қазақтың ежелден келе жатқан өнерінің жемісі ою-өрнекпен безендірілген.

Ал, Мемлекеттік Елтаңба дөңгелек пішінді және басым бөлігі алтын түстес. Оның ортасында күн сәулесін шашып тұрғандай әсер қалдыратын шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ бейнесі Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтың Отаны, үйі бір дегенді білдіреді. Шаңырақты күн сәулесіндей тараған уықтардың ұстап тұруы, біздің мемлекетіміздегі бірліктің белгісі болып табылады. Елтаңбаның екі жағында орналасқан қанатты аттар ертеден біздің ер азаматтарымыздың адал серігі деп есептелген және қазақ халқының мықтылығын сипаттайды. Сонымен қатар, біздің ортақ шаңырағымызды екі жағынан қоршап, сыртқы жаман күштерден қорғап тұрғандай әсер қалдырады. Мемлекеттік елтаңбаның ең жоғарғы жағында орналасқан жұлдыз бейнесі мемлекетіміздің жұлдызы жарық болсын деген тілекпен тығыз байланысқан. Мемлекеттік Әнұранымыздың мәтіні жаттауға оңай, әуені патриоттық рухқа толы. Оның сөздері өткен тарихымызды, бүгінгі өмірімізді, келешек арманымызды сипаттайды. Әнұранның сөзін еңбектеген баладан, еңкейген қарттарға дейін білуге міндетті. Көптен күткен, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қанша қан төгіп жеттік. Сондықтан, егемен еліміздің қадір-қасиетін қастерлеп, оның мемлекеттік рәміздерінің салт-дәстүрін сақтау әр Қазақстан Республикасының азаматының міндеті, борышы.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

 

Біле жүріңіз!

Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұран жобаларын жасау байқауы жарияланғанда, оған 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік Ту эскиздерінің шығармашылық еңбектері бар барлығы 1200 өтінім берілді. Сондай-ақ, болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 суреттемесі және Мемлекеттік Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылған.

* * *

1995 жылы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына қарсы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекеттік Туды Іле Алатауының «Абай» шыңына тікті.

* * *

2011 жылы Мақсұт Жұмаев пен Василий Левцов Қазақстанның Туын Азияның ең күрделі тау шыңы – биіктігі 8 611 метр «Қарақорым Чогориге» тікті.

* * *

2011 жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының Туы Антарктидада тігілді.

* * *

2012 жылдың 23 ақпанында қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі – «Охос-дель-Саладоны» бағындырды. Қазақстандық Ту осылайша әлемдегі ең биік жанартауға тігілген.

* * *

2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауы – «Мак-Кинли» шыңына шығып, онда қазақстандық туды орнатты.

* * *

2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшты.

* * *

2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы Қазақстан Республикасының Туын Жер шарының Солтүстік полюсі – Арктикада тікті.

* * *

Еліміздің Мемлекеттік Туы мен Әнұраны Азия мен бүкіл әлемнің ең биік шыңдары – Памир тауының «Ленин» шыңына (7 134 метр) және Эвересте (8 800 метр) көтеріліп, шырқалған. Сондай-ақ, Қазақстанның Мемлекеттік Туы Батыс Еуропаның ең биік нүктесі – биіктігі 4 810 метрді құраған «Монбланға» көтерілген.

* * *

Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәлік, жеке куәлік, мектеп аттестаттары мен медициналық карталарда да бар.

* * *

Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылдың 7 қаңтарында белгіленген еді. 1986 жылғы дүрбелеңде дәл осы ән қазақ жастарының бейресми әнұраны болған.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?