060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

КІРПІШ АЛАМЫН ДЕП ШАШЫМ АҒАРДЫ

Заман ағымына сай қазіргі уақытта тұрғызылатын үйді, сарайды, көлікжайды тіпті, дәретханаларды ақ кірпішпен салу сәнге айналды.

Аудан орталығы қаладан шалғайда орналасқандықтан, бізде барлық құрылыс материалдар тасымал ретінде келеді. Қазір ауылымызда Маңғыстау тауларынан өндірілетін ақ тас саудасына ешқандай кәсіпкер тәуекел ете қоймаған. Сондықтан Ойыл, Жылой, Бейнеу сынды алыс аудандарындағы кәсіпкерлерге күніміз қарап отыр. Алар кірпішіңізді бір ай бұрын тапсырысын беріп қоясыз. Онымен қоса ауылға әкелер тастың бағалары да шарықтап тұр. Жол қашықтығын айтып шағымданатын саудагерлер кірпіш бағасын оңды-солды қоя салады. Бір кірпішті Бейнеуден, Ақтаудан 45 теңгеден алып, ауыл тұрғындарына 175 теңгеге саудалайды. Сондай-ақ, алар тасыңыздың саны мыңға жетпесе тасымалдаушылармен мәмілеге келу қиынға соғады. Биылғы жылы менде үй алдына бөлме қосуды жоспарлап, алдымен кірпіш тасымалдаушыларға көктем айының басында 1000 тасқа тапсырыс бердім. Тіпті, кірпіш бағасы мен әкелер күнді де белгілеп ортақ келісімге келген болатынбыз. Ұялы телефонмен бүгін келемін, ертең келемін деп, уәдені сөзбұйдаға салған кәсіпкер уәделескен уақытты ұзартып жіберді. Ақыр аяғында сылтауы көбейіп, кірпішті келісілген бағасынан көтеріп жіберді. Осылайша, бағаны қолмен қойып жүрген ақ тас тасымалдаушыларға құзырлы органдар тарапынан бақылау болса дейміз.

Асқар ЖҰМАҒАЛИ,

ауыл тұрғыны

Сурет: Ашық дереккөзден

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?