Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Керегіңді табасың

Мамыр айының мамыражай күндерінің бірінде ауданымыз тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанмен толықты.

Миялы ауылында ашылған бұл нысан кәсіпкер Жанна Ұзақбаеваның «Достық» аралас дүкені. Атырау облысы әкімнің қолдауымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы аясында 4 миллион теңге несие алған кәсіпкер жақында дүкенінің ашылу салтанатын жасады. Оған ел ағалары, бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Онда алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев:

– Шағын және орта бизнесті дамыту Елбасымыздың қойып отырған басты талаптарының бірі. Сол мақсатта бірнеше бағдарлама қабылданып, кәсіпкерлерге жеңілдікпен несиелер берілуде. Соның бір айғағы – бүгінгі «Достық» аралас дүкені. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған бұл дүкен алдағы уақытта халыққа қолжетімді бағада тауарлар сатып, ауданның экономикалық дамуына өз үлесін қосады деген сенімдемін, – деді. Содан кейін ауданның Құрметті азаматы Жәния Ізбасқан сөз алып дүкен жұмысына сәттілік тілесе, дүкені иесі Жанна Ұзақбаева көрсетіп жатқан қолдауларға алғысын білдірді. Бұдан әрі дүкеннің лентасы салтанатты түрде қиылып, жиналған жұрт дүкен ішіне кірді. Екі бөліктен тұратын дүкен соңғы үлгімен салыныпты. Бір жағында азық-түлік сатылса, екінші бөлігі түрлі аралас заттар сатуға арналған. Сондай-ақ, дүкен маңдайшасындағы атауы латынша жазылуы да келген жұрттың көңілінен шықты. Жаңаша кейіпте салынған дүкен осылайша көпшілікке есігін айқара ашып, жұмысын бастап кетті.

Дулат МӘТЖАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521