060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Келіндер сынға түсті

Сейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде өткен «Мен қазақтың келінімін» атты байқауда Миялы ауылдық округінің келіндері сынға түсті. Оған Б.Аманшин, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінен, «Нұр-Шуақ», «Балдырған», «Жасұлан» балабақшасынан, аудандық орталық аурухана мен «Арман» мәдениет үйінен келіндер қатысты.

Бес кезеңнен тұратын сайыста миялылық келіндер бар қырынан танылды. Олар алдымен әсем әуен ырғағында өздерін таныстырса, бір күндік өмірін бейнеролик арқылы көрсетіп, ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамның дайындалу жолын ұсынды. Онда сайысқа қатысушылардің бірі ән шырқап, мың бұрала би билесе, енді бірі монолог оқып, сахналық көрініс қойды. Соңғы бөлімде келіндер ұлттық және заман талабына сай киім үлгілерін киіп шықты.

Байқау қорытындысында, Б.Аманшин атындағы орта мектептің намысын қорғаған Гүлдана Балмағанбетова І орынға ие болып, аудандық келіндер сынына жолдама алды. Ал, Гүлдана Шындаулова («Жасұлан» балабақшасы) ІІ орынды, Арайлым Дүйсенбаева (Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі) ІІІ орынды иемденсе, «Нұр-Шуақ» балабақшасының атынан шыққан Нұржауған Бөкен «Көрермен көзайымы», Әйгерім Құрмашева («Балдырған» балабақшасы) «Өнерлі келін», Арайлым Дайрабаева (аудандық орталық аурухана) «Ибалы келін», Айжан Шағанова («Арман» мәдениет үйі) «Парасатты келін» атанды.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?