060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Көкшетауда инженер дайындайды

Көкшетау техникалық институты еліміздегі өртке қарсы қызмет үшін білікті өрт қауіпсіздігі инженер мамандарын дайындайтын бірден-бір білім ордасы.

Аталмыш институтта қазірдің өзінде осы жоғары оқу орнын бітірген бірнеше жерлестеріміз аудан көлемінде жемісті еңбек етіп жүр. Осы орайда, аудан жастарын Көкшетау техникалық институтына оқуға шақырамыз. Жалпы, институтқа қабылдау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы дене және психофизиологиялық медицина көрсеткіштері бойынша іріктеу өткізілсе, екінші кезеңде іріктеу сертификат балына сәйкес өтеді. Ал үшінші кезеңде мандаттық комиссия курсанттар қатарына қабылдауды өткізеді.

Бүгінде білім ордасында кәсіби білім аламын деушілерге оқудың бүкіл кезеңіне курсанттар нысанды киіммен, тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етілген. Үміткерлерді оқуға қабылдау талапкерлердің аумақтық Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында алған сертификаттарының негізінде және кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, талапкерлер дене шынықтыру бойынша сынақтар тапсырады және медициналық тексерістен өтеді. Институттың күндізгі бөлімінде оқу мерзімімен әскери борышы бірге өтіледі және 4 жылды құрайды. Бітіргеннен кейін курсантқа өрт сөндіру қызметінің лейтенанты арнайы әскери атағы беріледі. Күндізгі оқу түріне 25 жасқа дейінгі жастар қабылданады.

Кешенді тестілеу азаматтардың еріктерімен қазақ және орыс тілінде өткізіледі. Орта жалпы білім бойынша оқу бағдарламаларының көлемінде төрт пәннен қазақ немесе орыс тілінен, Қазақстан тарихы, математика және төртінші бейіндік пән физикадан тапсырады.

Көкшетау институтын аяқтаған барлық тұлғалар міндетті түрде қызметпен қамтамасыз етіліп, лауазымды орындарға тағайындалады. Оқуға баруға ниет білдірушілер 2-17-84, 2-20-80 телефондары арқылы толық деректер алуына болады.

Жамбыл ҚОСЫМБАЕВ,

№10 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?