Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үйді жылытамын деп өртеп алмаңыз

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ауданымыздағы өрттің қауіпті кезеңіне дайындық жұмыстарына сәйкес өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында «Аудан көлеміндегі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» аудан әкімінің биылғы жылғы 10 сәуірдегі №122-ө өкімімен 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы болып өтті.

Айлық кезінде аудандық төтенше жағдайлар, №10 және Сағыз өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен ауылдық округтерде өртті болдырмау, алдын алу жұмыстары бойынша нұсқаулықтан өткізіліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайлары мен тиісті талаптардың сақталуы мұқият тексерілді. Сонымен қатар, электр желілерінің қора жайларға жүргізілуі, газ қондырғыларын пайдалану жөнінде тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтан өткізілді.

Айлық кезінде кездейсоқ өрт оқиғасы болғанда көшіру және іс-қимыл жасау жоспарын әзірлеу, өрт сөндіру құралдарын пайдалана білу, қосалқы есіктердің үнемі жарамды ашық күйде болуына баса назар аударылды. Нақтырақ айтқанда, биылғы жылдың 9 айында 23 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 1 500 000 теңге шығын келді. Өрттен 7 адам қаза болып, 3 адам жарақаттанды. Сондай-ақ, улы газден 2 адам қайғылы қазаға ұшырап, 2 адам суға кетті. Сондықтан да, айлықта жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау арқылы осындай өрт оқиғасының алдын алуға септігін тигізбек.

Нұржан АҚЖІГІТОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521