Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ішкі істер бөлімінде жаңа орынбасар

Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы А.Дүйсенбаевтың 05.07.2018 жылғы бұйрығымен полиция капитаны Нәсіпкалиев Ришат Саматұлы Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ол 1987 жылдың 9 қаңтарында Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы полиция академиясын бітірген. Ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері жұмыс жасайды. Аталмыш лауазымға келместен бұрын Атырау қаласы ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінде, Атырау облысы ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасында қызмет еткен.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521