060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Газет қызметкерлеріне алғыс білдірді

Қарулы Күштердің беделін арттыру, қазақстандық армияның имиджін көтеру, жас ұрпаққа патриотизм рухын дарыту мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бірқатар жұмыстарды атқарып келеді.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз байланыс орнатқан. Соған сай, Тәуелсіздік күніне орай, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Анарбек Муталяпов аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисеновке Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Б.Ақбалиевтің атынан келген алғыс хатты табыс етті. Онда былай деп жазылған:

«Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Қызылқоға» аудандық қоғамдық саяси газетінің ұжымына шексіз алғысын білдіреді.

Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын. Сондықтан, Сіздер тәуелсіз Қазақстанның тыныс-тіршілігін мерзімді баспасөз басылымдарында үздіксіз жариялап, елімізді ақпаратпен байытып отырсыздар. Біздің айбынды әскеріміздің ел алдындағы мәртебесін көтеру үшін аянбай қызмет атқарып жүрген баспасөз өкілдерін мақтан тұтамыз.

Баспасөз қызметі заманауи шығармашылық идеялар мен креатифті бастамаларды жүзеге асырып жүрген өз істерінің шеберлерінен құрылған білікті ұжым. Осы орайда, ұжымға алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, абырой-беделдеріңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Шығармашылық шабыт, жаңа бастамаларыңыз жүзеге аса берсін демекпін. Әрдайым қаламдарыңыз ұшқыр, ойларыңыз жүйрік, халықтың сансыз алғысына бөлене беріңіздер». Өз кезегінде сөз алған аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов еңбекті бағалаған бөлім бастығына ризашылығын білдірді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?