Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Газ мамандары сақадай сай

Өткен аптаның жұмасы күні «Қазтрансгазаймақ» мекемесі Атырау облыстық филиалының Қызылқоға аудандық өндірістік бөлімшесінің кезекші бөліміне Е.Нұршаев ықшам ауданында газ қысымының төмендеп кеткені туралы тұрғындардан шағым түсті.

Жедел іске кіріскен газ мамандары оқиға орнын анықтап, қауіпсіздікке жауапты барлық мекемелерге де хабарлап үлгерді. Күш құрылымдары оқиға орнына он минутта жиналып, өздеріне тиесілі қауіпсіздік шараларын қолға алды. Бұл «Қазтрансгазаймақ» мекемесінің жұмыс жоспарына сай өткізілген оқу-жаттығу жиыны болатын. Оған облыс орталығынан арнайы комиссия келіп, жаттығу жиынын бақылап тұрды.

Е.Нұршаев ықшам ауданында салынғып жатқан құрылыс аймағында болған оқу-жаттығу жиыны барысында алдымен ақау шыққан газ жәшігінің айналасы қоршалып, газ мамандары қауіпсіздік шараларын жасады. Оқу-жаттығу жиыны барысында орын алған апаттық жағдайда тұрғындарды газсыз қалдырмау мақсатында қосалқы газ құбыры арқылы мамандардың қадағалауымен ауыл халқына төмен қысымдағы газ жіберілді. Содан соң Атырау магистральды газ құбырлары басқармасы аудандық газ шаруашылығының аға шебері Ертай Жұмабаевқа шебер Самғат Хасан ақаудың анықталғаны жөнінде мәлімдеме берді. Газ мамандарының жедел іс-әрекеті нәтижесінде жөндеу жұмыстары аяқталып, ақау шыққан газ қысымын реттегіштің мембранасын ауыстыру арқылы №72 газ жәшігі жөнделді. Сөйтіп, жаттығу сәтті өтіп, Атырау қаласынан келген комиссия жоғары баға берді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521