Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Домбыра күні өмірге келген сәби Құрманғазы атанды

Елбасының Жарлығымен бекітілген 1 шілде домбыра күнінде жас босанған аналар да елеусіз қалмады.

Сол күні аудандық перзентханада жангелдиндік Майра Хайруллина мен сағыздық Әйгерім Құдабаева шекесі торсықтай ұлды өмірге алып келген болатын. Қасиетті домбыра күні дүниеге келген балалардың құрметіне аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бағытжамал Жұмабаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жарқынгүл Сәрсенова және Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандағы сарапшы маманы Марал Қанатовалар перзентханаға арнайы барып, аналарды құттықтап, құттықтау хат пен сыйлыққа домбыра табыс етті. Осы орайда, дүниеге келген сағыздық сәбидің есімін әжесі Құрманғазы деп қойғанын айта кетейік. Сөйтіп, алғаш рет тойланып отырған ұлттық мерекеде дүниеге сәби әкелген аналар ұлықталып, баланың да есімі сәтті қойылды. Осыдан-ақ, домбыра күнінің халық арасында кең қолдауға ие болғанын байқауға болады.

Дулат МӘТЖАН.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521