060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Бюджет өзгерістері талқыланды

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен VI сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясына аудан әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Сессияға дейін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісінде мәслихат депутаты Сайлаубек Темірғалиевтің депутаттық қызметін атқару туралы есебі, мәслихат депутаты Гүлнар Каримованың сайлаушылармен жұмысы туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, тұрақты комиссияда аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгерееваның «2017 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету» шараларының орындалысы туралы хабарламасы тыңдалып, талқыланды.

Мәслихат депутаты Альберт Аққайнанов төрағалық еткен сессияда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Самат Тайшыбай 28 қазанда өткен сайлаудың қорытындысы жөнінде хабарлама жасап, №6 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайланған Өтепберген Әділовке депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыс етті.

Бұдан кейін аудандық мәслихаттың №ХІХ-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру туралы хабарлама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгерееваның айтуынша, биылғы жылы аудан бюджетінің кірістері 6 148 498 мың теңге болса, шығындар 6 217 156 мың теңге болып, трансферттік түсімдер 34 069 мың теңгеге өсіп отыр. Биылғы жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерден 21 881 мың теңге қаралса, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға бөлінген қаржыдан үнемделген 30 824 мың теңге мен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бөлінген бюджеттік кредиттерден үнемделген 1 103 мың теңге шегерілді. Сондай-ақ, хабарламада биылғы жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен, облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері, нысаналы даму трансферттері арқылы көзделген қаржы көлемі көрсетілді.

Сессия жұмысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Нұралиннің аудан әкімдігінің 2018 жылғы 20 қарашадағы №314 «Қызылқоға аудандық жер комииссиясын құру туралы» қаулысы туралы хабарламасы және басқа да мәселелер тыңдалып, бекітілді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?