060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Болашақ журналистер бақ сынауда

Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті базасында журналистика мамандығы бойынша Х республикалық пәндік олимпиадасы басталды.

Олимпиаданың ашылу салтанаты ф.ғ.д. профессор Асановтың кіріспе сөзімен басталды. Жалпы білім бәйгесіне Республика бойынша жоғары оқу орнынан 16 команда бақ сынасуда. Командалар сайыс барысында өздерін толықтай таныстырып, «Теледидар және дәуір» атты тақырыпта бейнесюжеттерін ұсынды.

Сайыстың екінші кезеңінде «Қазақ телевизиясына 60 жыл» тақырыбы аясында ой жүйріктері мен сөз дүлділдерін анықтау мақсатында ой-толғауларын қағаз бетіне түсірді. Ал бүгін байқауға қатысушылар біліктілік пен білімділіктігін шыңдап тест тапсырып, журналист үшін шапшаңдық пен жылдамдықты талап ететін «Жедел ақпарат» бөліміне өтті. Үміт пен қорқыныш, толқу мен толқынысқа ұштасқан сайыс қорытындысы әділ болатынына сенімім мол.

Мырзабек Аяулым

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?