060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Балалар ойын алаңы ашылды

Әр адамды қылығымен қуантатын балалар мерекесі күні Жангелдин ауылдық округінде балаларға арналған ойын-сауық алаңы пайдалануға беріліп, ол салтанатты түрде ашылды.

Онда алдымен сөз алған Жангелдин ауылдық округінің әкімі Аязбай Оразов: – Былтырғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы ойын-сауық алаңының қоршауы жасалып, өрнектасы төселіп, 910 000 теңге жұмсалса, биылғы жылы аталмыш бағдарлама бойынша 905 954,56 теңгеге ойын жабдықтары орнатылды. Әрине, бүлдіршіндеріміздің әдемі әрі сәнді ойын жабдықтарымен ойнағаны жақсы, тек ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмауды ескерген жөн, - деді. Ал, Жангелдин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еңсеген Әбиев бүлдіршіндерге ақжарма тілектерін жолдап, игі іс одан әрі өркендей түссін деген батасын берді.

Шара барысында, Жангелдин мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, көрермендерді бір серпілітіп тастады.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?