Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балаға жаның ашыса, ғаламторға жолатпа

Аудандық «Қызылқоға» газетінің соңғы сандарында «Бүгінгі күннің тақырыбы» айдарымен өзекті мақалалар жарық көруде.

Соның ішінде, ғаламтор туралы кеңінен жазылған. Қазіргі таңда ғаламторды қолданбайтын адам жоқ десек артық болмас. Айталық, дүниежүзіндегі адамдардың 90 пайызға жуығы ғаламторды қолданады. Яғни, күн өткен сайын ғаламторсыз адам өмірін елестету қиын болып бара жатыр. Дегенмен де, интернеттің берер пайдасымен бірге, келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін бізге компьютер, қалта телефоны керек. Ал, күн сайын компьютер алдында отыру денсаулыққа зиян екенін жақсы білеміз. Ғаламтор жүйесін күнделікті шамадан тыс қолдану адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектеседі. Байқап қарасақ, ғаламтор бүгінгі жастардың рухани тәрбиеден айырылуына әкеп соғып жатыр. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға телмірген жастарды жиі көретін болдық. Бұрын бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала, қазір компьютерлік ойындарды, сараптамадан өтпеген, әркімнің жүктей салған ғаламтордағы теріс тәрбие беретін мағлұматтарды тыңдайды.

Сонымен қатар, сәби жасынан телефонға телмірген бала көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны тағы бар. Онымен қоса, ұялы телефонға енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу, діни теріс ағымдар, тіпті өлімге итермелейтін қауіпті ойындар жетерлік. Ата-ананың назарынан тыс қалған кездерде осы ойындарды ойнаған баланың кейін психологиясы бұзылып, бейәдеп істерге бару ықтималдығын көріп отырмыз. Сөйте тұра, көп ата-аналар балаларына қарызданып-қауғаланып ұялы телефон алып беріп, тіпті ғаламторға да қосылуға рұқсат та берген. Менің айтарым, балаларды шын қорғағыңыз келсе, алдымен ата-ана баласын жиі әңгімеге тартып, ғаламторда немен айналысатынын, қандай әуендер тыңдайтынын, қандай сайттарға кіретінінен хабардар болып отыру керек және де сол тақырыпта әңгімелесе білген жөн. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші әрбір ата-ана өз баласын тәрбиелі де, саналы, мәдениетті азамат болып жетілуі үшін тәрбиені өзінен бастаған жөн.

Әйгерім ЖЕКСЕНОВА,

№9 орта мектебінің психологі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521