060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Азат елдің айбыны – Ата Заңым

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнелеген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық.

Ата Заң – азаттығымызды айқындайтын, Тәуелсіздігімізді паш ететін, егеменді ел екенімізді танытатын, дербес мемлекеттігімізді көрсететін қастерлі құжат. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады. Бүгінде тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Конституция – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналып отыр. Ендеше, бұл басты құжат алдағы уақытта да Қазақстанның дамыған әрі зайырлы да, демократиялы ел болып қалыптасуы жолында қалтқысыз қызмет ете бермек.

Бағдаршамға айналған басты құжат

Конституция – егемен еліміздің тәуелсіздігін, мемлекеттілігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын ұлы құжат. Оны құрметтеп мақтан тұту және қорғау – әр адамның азаматтық парызы. Жалпы Конституциямызда бекітілген нормалар еліміздің барлық адамзаттарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулеріне жетелейді. Онда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогресивті ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.

Конституциямызда бекітілгендей, тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау, сот пен заң алдындағы теңдік, жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды. Адамның табиғи құқықтарын үстем қою мемлекет қызметінің негізгі бағыты десек еш қателеспейміз. Айталық, мемлекеттің қылмыспен күресудегі саясаты негізгі бағыттарының өзгеруі адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарын қорғауды алдыңғы орынға қоюға байланысты. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру үшін онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны жеңілдету, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың кең қолданылуына жағдайлар жасау, өлім жазасын орындауды тоқтатуға бағытталған шаралар Конституция нормаларына сейкес жүргізілуде.

Ата Заңның 13-бабы 3-тармағында танылған әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығын ауылдық жерлерде қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялады. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Ата Заңның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықтың еркін көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, бұл күн жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұртшылыққа жеткізу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз.

Мұратбек ТҰРДАҒАЛИЕВ,

аудандық Әділет басқармасының басшысы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?