Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды

Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш қабылдау басталды. Өтініштер 100esim.el.kz сайтында қабылданады.

Жоба мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау. Әр қоғамдық ұйым, бірлестік ерекше тарихы мен кәсіби жетістіктері бар үміткерлерін ұсына алады.

Үміткерлер төмендегі талаптар бойынша қаралады:

– үміткердің кәмелет жасқа толған болуы (18);

– қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;

– үлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еңбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еңбек қызметінің болуы;

– қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесінің болуы;

– қазіргі Қазақстанның, оның табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерінің жарқын үлгісі бола алатын тұлға болуы маңызды. Аталған талаптарға сай кез-келген қазақстандық өз өтінішін 100esim.el.kz сайтында қалдыра алады. Өтініштер қазан айының ортасына дейін қабылданады.

Айта кетейік, былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына Атырау облысынан сал ауруына шалдыққан балалаларды сауықтырумен айналысатын «Атырау. Шағын мемлекет» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев пен кәсіпкер Әсемгүл Оразаева енген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521