060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ауылдан шыққан қоқыс айдалада қалыпты

Биылғы жылдың 15 наурызы мен 15 мамыры аралығы аудан әкімінің өкімімен тазалық айы болып бекітіліп, әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Өткен аптада Миялы ауылында ұйымдастырылған сенбілікте аудандағы мекеме қызметкерлері белсенділік танытты. Олар орталық көшелердегі жол бойларының екі жағында өскен арам шөптерден арылтып, қоқыстардан тазартты. Сонымен бірге, орталықтағы А.Сарбуфеев атындағы демалыс паркі, ауылдың солтүстік бетіндегі аймақ түгел тазаланды. Орылған арамшөптер мен жиналған қоқыстар бір жерге жиналып, тұрмыстық қалдықтар алаңына жеткізілді.

Тазалық айлығы басталысымен ауыл тазалығын бақылауға алған Миялы ауылдық округ әкімі аппараты мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары көп-теген тұрғын үйлердің аула-қораларының сыртында мал қиының, шөп сабандарының үюлі тұрғанына куә болды. Ал, өз атына берілген мемлекеттік жер актісінен тысқары жер ауылдық округтікі екендігін білсе де, көптеген азаматтар жыл сайын аула сыртына қоқыс төгуді тоқтатар емес. Бұл ретте 24 тұрғын үй иесіне жазбаша ескерту берген округ мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары 10 күн ішінде тазаланбаса, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын хабардар етті.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?