060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ауылдағы аламан бәйге

Бірлік мерекесіне орай Мұқыр ауылдық округінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шара жұртшылыққа ерекше көңіл күй сыйлады. Шараға қатысушыларға аудан әкімі Арман Баженов пен ауылдан шыққан профессор А.Тайжанов мерекелік лебіздерін білдіріп, көпұлтты мемлекетіміздің ұстанымы – бірлік пен берекенің баяндылығын тіледі.

Ауыл көркемөнерпаздары сазды бағдарламаларын арнаса, мекеме ұжымдары ақшаңқан киіз үйлерден дәм ұсынып, халқымыздың қонақжайлылық қасиетін де дәріптеді. Шара барысында Қызылқоға аудандық «Ұлттық спорт түрлері» федерациясы мен Мұқыр ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық ат спортынан «Тай жарыс», «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге», «Көкпар» ұлттық спорттық бәйгелерімен қатар, «Қой көтеру», «Арқан тартыс», «Қол күрес», « Кір тасын көтеру» сынды спорттық ойындар өткізілді.

Спорт жанашырлары ауылдың мәрт азаматы Қуаныш Айтуғанов, «Тайжан» ШҚ, ауданның спорт жанашырлары және «ҚайнарМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасы, жергілікті кәсіпкерлер, аудандық «Ұлттық спорт түрлері» федерациясы президенті Қайырбек Баймұратов пен Мұқыр ауылының 1969 жылғы туылған азаматтарының демеушілігімен ауданда бұрын соңды болмаған ат спортының дүрмегі дүйім жұрттың делебесін қоздырды.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?