060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Ауыл» партиясы филиалында – жаңа төраға

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының аудандық филиалының жиыны өтті.

Оған Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, «Ауыл» ХДП партиясының облыстық филиал төрағасы Қадыржан Арыстан, партияның координаторы Жанәділ Мұратуллин, саяси кеңес мүшесі Өркен Қапанов және партия мүшелері қатысты. Жиында сөз алған «Ауыл» ХДП партиясының облыстық филиал төрағасы Қадыржан Арыстан жұмыс сапарының мақсатын түсіндіріп, республика және облыс бойынша аталмыш партияның атқарып жатқан жұмыстарынан жиналған жұртшылықты хабардар етті. Сонымен қатар, аудандық партия филиалының бұрынғы төрағасы Жексен Қапездің өз өтініші бойынша қызметінен босатылғанын жеткізіп, төрағалыққа аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қазбек Айыпқалиевты ұсынды. Ұсыныс партия мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Жиын барысында сөз алған аудан тұрғындары Оңғар Жанықұлов пен Жаңбырбай Ақтаев ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді, әсіресе асыл тұқымды мал басына, жем-шөпке берілетін субсидия және экологиялық бағытта пікірлерін білдіріп, оны тиімді шешу жолдарын қарастыруды тілге тиек етті.

Шара соңында «Ауыл» ХДП партиясының облыстық филиал төрағасы Қадыржан Арыстан және басқа да сөйлеушілер жаңа төрағаның партия филиалы жұмысын жандандырып, одан әрі күшейтуге ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Бауыржан Бердіғалиев

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?