Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыл да әдемілікке ұмтылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы көптеген жоспарлы міндеттен тұрады. Соның жетінші бағыты – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады, – делінген.

«Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын. Оның ішінде, адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», – деп Елбасы өз Жолдауында нақты міндеттер жүктеп отыр. Әрі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары да қолдауға тұрарлық. Сол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет, – деген Жолдау жолдарында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу керек,– дейді.

Осылайша, Жолдаудың әр міндетін өзімше оқып шығып, айтар ойымды қағазға түсіргім келді. Бүгінде Елбасы өзінің жыл сайынғы бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, несие алуды оңайлатып қойды. Бала кездегі арманымды жүзеге асыру мақсатында мен де шаштараздық оқуды оқыдым. Алайда, бір ғана нәрсемен шектеліп қалмай, сұлулық салонын ашып, өз-өзімді жұмыспен қамтып отырған жанмын. Әрі халықтың сұранысына орай, қолжетімді бағамен күні-түні қызмет етіп келемін. Бұрын кішкене бөлмеде жұмыс істеп келсем, тырбынып еңбек еткеннің арқасында осы дәрежеге жеттім. Осы орайда маған несие алып, оны әрі қарай жұмыс барысында жөнімен пайдалануға көмек қолын созған әрі пайдалы кеңес бере білген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына разылығымды білдіремін. Әсіресе, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызылқоға ауданы бойынша филиалының директоры Алтынзер Баймұратова кәсіпкер атанып, несие алуыма және осы жолдағы жаңа бастамама дұрыс бағыт-бағдар бере білді. Осы жанға алғысым шексіз. Бұл жалғыз менің ғана басымдағы жағдай емес, мен сияқты кәсіпкерлік жолындағы барлық жандарға да осы палатаның көмегі ұшан-теңіз деп ойлаймын. Ал, ұсынысыма келер болсақ, мұқырлықтардың жағдайы бұрынғыдан едәуір жақсарды. Өйткені, жол салынып, түрлі нысандар бой көтеріп келеді. Өзім кішкентайлы болғандықтан, әсіресе түнгі мезгілдері сол ұлым ауырған жағдайда Мұқыр дәрігерлік амбулаториясына көмекке жүгінемін. Ал, жедел жәрдем шақырған мезгілде, арнайы автокөліктерінің жоқтығы қатты қынжылтады. Осы мәселенің шешімі табылса, ауыл тұрғындарының разылығына бөленер еді?!

Мәрзия СМАҒҰЛОВА,

«Айсұлу» сұлулық салонының иесі, Мұқыр ауылдық округі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521