Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан азаматтары алғысқа бөленді

Бүгін «Арман» мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекiтiлген «1 наурыз – Алғыс айту күнi» мерекесiне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Онда алдымен аудандағы кәсіпкер азаматтардың қайырымдылық істері кеңінен баяндалған бейнебаян көрсетілді.

Содан кейін аудан әкiмi Арман Баженов құттықтау сөз сөйлеп, артынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін танымал кәсіпкерлер Сағызбек Тастеміров, Медет Серікбаев, Мұрат Сарманов, Сембай Сағынғалиевтарды «Біздің меценат» алғыс сыйлығымен марапаттаса, тағы бір топ адам аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Салтанатты шарада аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин аудан жұртшылығын Алғыс айту күнімен құттықтап, мерекелік лебіздерін білдірсе, белгілі кәсіпкер Зейнолла Баймұратов Миялы ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бір жылқы малын сойып беретінін жеткізді.

Толығырақ аудандық «Қызылқоға» газетінің кезекті санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521